Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,78 теңгені, ал сауда көлемі 73 600 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,17 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 108 550 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.
Ал Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,2644 АҚШ долларын құрады, ал сауданың көлемі - 30 мың еуроны шамалады.