Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,96 теңгені, ал сауда көлемі 174 400 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге арзандап, сессия көлемі 45 850 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 197, 95 теңгені, ал сессия көлемі 500 мың еуроны құрады.
Ал Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.