Қазақстанның қор биржасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг күні мерекесіне байланысты Т 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен доллар бойынша және T 0 (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша сауда болған жоқ. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM санаттары үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 1 есебімен 146,99 теңгені, ал сауда көлемі 208 400 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,08 теңгеге арзандап, сессия көлемі 82 150 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Т 1 доллар есебімен еуро бойынша да сауда жасалған жоқ.