Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,05 теңгені, ал сауда көлемі 46 330 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге арзандап, сессия көлемі 2 730 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі үздік баға белгіленімі еуро үшін 200,90/201,90 теңгені құрады.
Ал Т 0 доллар есебімен еуро валютасы бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі сұраныс еуро үшін 1,3660 долларды құрады, бірақ ұсыныс болған жоқ.