Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,20 теңгені, ал сауда көлемі 76 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге арзандап, сессия көлемі 64 400 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.
Ал Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,2883 долларды құрады, сессия көлемі - 600 мың еуроны шамалады.