KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,28 теңгені құрады
11:55, 16 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,28 теңгені, ал сауда көлемі 136 000 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 6 400 мың долларға өсті.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Ал Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,2995 доллар/еуроны құрады, сессия көлемі 2 000 мың еуро болды.