Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,60 теңгені, ал сауда көлемі 71 300 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,08 теңгеге арзандап, сессия көлемі 20 600 мың долларға кеміді.
Еуро бойынша Т 0 теңге есебімен және Т 0 доллар есебімен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.