Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147, 66 теңгені, ал сауда көлемі 70 050 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 теңгеге арзандап, сессия көлемі 29 450 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.
Ал Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3177 доллар/еуроны, ал сауда көлемі - 450 мың еуроны құрады.