Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,78 теңгені, ал сауда көлемі 99 500 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 400 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.