KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147,52 теңгені, еуро бағамы - 200,70/202,00 теңгені құрады
12:23, 23 Ақпан 2010
АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Сейсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,52 теңгені, ал сауда көлемі 502 650 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,15 теңгеге арзандап, сессия көлемі 201 160 мың долларға артты.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі үздік котировка 200,70/202,00 теңгені құрады.
Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.