KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147,76 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бейсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,76 теңгені, ал сауда көлемі 240 685 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,07 теңгеге арзандап, сессия көлемі 19 500 мың долларға артты.

Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі үздік котировка болған жоқ.

Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3574 долларды, ал сауда көлемі 1000 мың еуроны құрады.