Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Жұма күнгі саудасына қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,94 теңгені, ал сауда көлемі 127 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,06 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 28 370 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша да мәміле жасалған жоқ.