Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 148,08 теңгені, ал сауда көлемі 100 985 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,03 теңгеге арзандап, сессия көлемі 12 460 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.