Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ-та демалыс күн болуына байланысты, бүгін қор биржасында (KASE) Т 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T 0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша сауда болған жоқ.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 1 есебімен 148,17 теңгені, ал сауда көлемі 32 300 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,05 теңгеге арзандап, сессия көлемі 307 450 мың долларға кеміді.
Т 1 теңге есебімен еуро бойынша және Т 1 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.