Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 148,40 теңгені, ал сауда көлемі 14 400 мың долларды құрады. Алдыңғы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,06 теңгеге арзандап, сессия көлемі 1 680 мың долларға азайды.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.