USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,44 теңгені, ал сауда көлемі 44 750 мың долларды құрады. Жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,15 теңгеге арзандап, сессия көлемі 8 515 мың долларға кеміді.