11:28, 08 Маусым 2009
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,46 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,46 теңгені, ал сауда көлемі 65 125 мың долларды құрады.Жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,13 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 43 925 мың долларға артты.