USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,72 теңгені, ал сауда көлемі 38 040 мың долларды құрады. Кешегі күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге арзандап, сессия көлемі 34 065 мың долларға кеміді.