Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,52 теңгені ( 0,03 теңге), ал сауда көлемі - 38 450 мың долларды құрады (- 68 050 мың АҚШ доллары).
Т 0 есебімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 187,60 теңгені, сауда көлемі - 300 мың еуроны құрады.
Т 0 АҚШ доллары есебімен келісімдер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.