Сейсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда, доллар бағамы 1,23 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ұлттық валютаның ең төменгі бағамы 1 долларға 330,96 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 331,7 теңгені көрсетті. Сауда көлемі 188,35 долларды құрады.
Сейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 доллардың бағамы 332,37 теңге, күндізгі сессияда 332,35 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,36 теңге болған. Жалпы сауда көлемі 264,1 долларды құраған.