Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 22 мүшесі қатысты.
Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,16 теңгені (-0,99 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 37 800 ( 16 600 мың USD) мың USD құрады.
Айта кетейік, кеше күндізгі сессияда АҚШ долларының бағамы 335,10 теңге болған еді. Осылайша бір тәулік ішінде доллар 1 теңгеге жуық арзандады.