KASE: Теңге үш күннен бері үздіксіз нығайып келеді
Сәрсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,92 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 320,05 теңге, ал ең жоғарысы 323,59 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 206,3 млн долларға жетті.
Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 322,45 теңге, күндізгі сессияда - 322,68 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 322,55 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 157,2 млн долларды құраған.
Еске сала кетейік, сейсенбі күні доллар бағамы 3,24 теңгеге төмендеп, сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 323,94 теңге, ал ең жоғарысы 325 теңге болды. Ал сәрсенбіде 2,28 теңгеге төмендеп, сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 322,09 теңге, ал ең жоғарысы 323,6 теңге деңгейінде болған.