Қашаған 2,4 млн. тонна көлеміндегі коммерциялық өндіріске шыға алмауы мүмкін - Е. Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі Қашаған биыл 2,4 млн. тонна көлеміндегі коммерциялық өндіріске шыға алмауы мүмкін деп болжап отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылы Қашаған кен орнында 2,4 млн. тонна көлеміндегі коммерциялық өндіріске шыға алмау тәуекелі сақталып отыр. Осыған байланысты басқа кен орындарында 1,5 млн. тоннадан кем емес көлемде мұнайды өндіруді және экспорттауды арттыру бойынша ірі кен орнын пайдаланушылармен қосымша жұмыстар мен келіссөздер жүргізілетін болады», - деп атап өтті министр.