Бұл туралы өңірлік ТЖД басшысы Болатбек Омаров 2 наурызда ұңғымалардың бірінде болған келеңсіз жағдайды айта отырып, мәлім етті.
Бұған дейін хабарланғандай, «Д» жасанды аралында ұңғыманы қайта іске қосу кезінде күтпеген оқиға орын алды. Қызметкерлер шұғыл түрде 150 метр қашықтыққа, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұрғышылар бұл жағдайды бақылауға алып, мұнай мен газдың тарауын болдырған жоқ.
Қазіргі уақытта ұңғыма герметизацияланды. 5 мыңнан астам метр тереңдікте орналасқан қақпақшалар ашылған жоқ. Ұңғыманы іске қосу үшін дайындық жұмыстары ғана жүргізілді. Оқыс оқиғаның орын алуы себептерін анықтау үшін арнайы космиссия құрылды.