Қашаған кенішін пайдалану арқылы 2017 жылы мұнай өндіру көлемі 102 млн. тоннаға дейін артпақ

None
АСТАНА.5 наурыз. ҚазАқпарат - Қашаған кенішін пайдалану арқылы 2017 жылға дейін мұнай өндіру көлемі артады.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу мәселесіне арналған Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Қашаған кенішін пайдалануға байланысты, болжам бойынша мұнай өндіру көлемі 2013 жылы 82 млн. тоннадан 2017 жылы 102 млн. тоннаға дейін артпақ»,-деп атап өтті министр.