АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Қашаған инвестициялық жобасының мердігерлері мен Қазақстан үкіметінің арасындағы сот елдің инвестициялық климатына қалай әсер етіп жатқанын мәлім етті.
«Инветсорлармен жұмыс істеп жатырмыз. Инвестициялар ағыны қысқарып жатқан жоқ. Бұл үлкен компаниялар, сондықтан бәрі заң аясындағы дүниені түсінеді. Олар әлемдік деңгейдегі ірі компаниялар, бәрін заң аясында орындайды», - деді ресми өкіл.
Еске салайық, Қазақстан үкіметі Қашаған акционерлерінен жобаның өндірістік кестесін ондаған жылға кешіктіргені үшін 150 миллиард доллар талап етіп отыр.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл сотты «таза коммерциялық дау» деп бағалаған болатын.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.