«Қазіргі уақытта мен бұл туралы әлі ештеңе айта алмаймын. Дегенмен біз өз жұмысымызда экологиялық талаптарды қатаң ұстанамыз. Бүгінде бізде Экология министрлігімен келіспеушіліктер бар. Алайда, біз өзіміздің атқарып жатқан жұмыстарымыздың дұрыс екеніне сенімдіміз», - деді Оливье Лазар.
Естеріңізге сала кетейік, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қашаған мұнай кен орнының операторы «North Caspian Operating Company» (NCOC) компаниясына қатысты арыз түсірген еді. Тексеру жұмыстары былтыр күкіртті сақтау ережелерінің бұзылуына байланысты басталған болатын.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, министрлік шамамен 2,3 трлн теңге (5,1 млрд доллар) сомасына арыз түсірген.