Оның сөзiне қарағанда, аталған жоспарлы бағаның деңгейi нарық жағдайына, елдегi және аймақтағы саяси және экономикалық ахуалға байланысты өзгеруi ықтимал. Сонымен қатар сарапшының атап өткенiндей, әлемдiк мұнай бағасының өсуi әзiрше орын алмайды.
Citi - 200 миллионға жуық адамға қызмет көрсететiн және әлемнiң 160-тан астам елiнде жұмыс жасайтын дүниежүзiлiк жетекшi қаржы корпорациясы. Citigroup 1994 жылы Алматыда өз өкiлдiгiн құрғалы берi Қазақстанда қызмет жасап келедi. Дүниежүзiлiк корпорация сарапшылары бiздiң елiмiзде әлемнiң және Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткiштерi туралы есептi жыл сайын ұсынуды дәстүрге айналдырған.