Шартқа қол қою жоба бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылдауға бағытталған ынтымақтастық аясындағы маңызды кезең болды.
Келісім шарттарына сәйкес Қашаған сұйытылған мұнай газын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр, ал жылына 700 мың тоннадан астам максималды жобалық қуатқа инфрақұрылым жұмыстары аяқталғаннан кейін, яғни 2027 жылға қарай жетеді.
Қазіргі уақытта «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған сұйытылған мұнай газын қабылдауды, сақтауды, қайта тиеуді және фракциялауды қамтамасыз ету үшін қажетті технологиялық жабдықтарға тапсырыстарды жобалау және орналастыру жұмысын жүргізіп жатыр.
Бұл жеткізілімдер Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді, сұйытылған мұнай газының тапшылығын азайтуға көмектеседі және елдегі газ-химия өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.