Қашаған жобасы бойынша серіктес компания шығыстарын қысқартуда
«Біз инвестициялар кезеңін қарастырып, олардың тиімділігін қамтамасыз еткіміз келеді. Бірінші қадамда операциялық шығындарды едәуір төмендетуге негізделген. Біздің шығыс базамыз 10 млрд. долларға қысқарады деп күтіп отырмыз. Бүгінде шығыстар 2011 жылдан төменгі деңгейге оралуда »,-деді жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясында Қазақстандағы «Шелл» вице-президенті Дункан ван Берген.
«Шелл» үздік жобалар компания ішінде капитал үшін бірімен бірі бәсекелесуі үшін тиісті ортаны құрып жатқан көрінеді. Сонымен қатар концерн бизнесте маңызды рөл атқармайтын активтерін сатылымға шығармақ.
Оның сөзінше, соңғы екі жылда мұнайға бағаның төмендеуі индустрияны өзгеріске ұшыратты. Ахуал әлемнің барлық елдеріне ықпал етуде.
«Ықпалдасқан бизнес-модель осы жағдайды еңсеруге көмектеседі. Осы ретте біз акционерлерімізге дивиденттердің қайтарымын және инвестициялық бағдарламалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге тырысудамыз»,-деді Дункан ван Берген.
Атап айтқанда, Қашағанда мұнай экспорты ағымдағы айдың орта кезінде жанданды. Жыл соңына дейін осы кен орнында 500-ден 1 млн. тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланып отыр.