«Бұл күндері ағымдағы жылдың маусым айында басталатын «Қашағанды» тәжірибелі-өнеркәсіптік әзірлеуге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бірінші кезеңде мұнай өндіру тәулігіне 370 мың баррельді құрайтын болады, кейін бұл көлем тәулігіне 450 мың баррель мұнайға жететін болады», - деді П. Дельпон.
20:21, 20 Наурыз 2013
«Қашағанда» бірінші кезеңде тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өндіріледі
АТЫРАУ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Қашаған» теңіз кенішін жайластыру және жер үстіндегі «Болашақ» мұнайды дайындау зауытының құрылысы толығымен аяқталды, деді «НКОК» сыртқы байланыс жөніндегі директоры Пьер Дельпон.