Қашағанда мұнай өндіру 2012 жылдың соңына дейін басталады - Сауат Мыңбаев

None
АТЫРАУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қашағанда мұнай өндіру 2012 жылдың соңынан кешіктірілмей басталады. Бұл туралы бүгін Атырау облысының мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен болған жиналыста Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың сұрағына жауап берген ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Іске қосу-реттеу жұмыстарына қатысты мәселелер болды. Бірақ бұл мәселеде біз консорциумға қатысушылармен ортақ мәмілеге келдік. Сондықтан да, Қашағандағы тәжірибелік-өндірістік зерттемелер заңды түрде мүмкін болатындай 2013 жылдың қазанына дейін шегерілмейді», - деді С.Мыңбаев.

Оның сөзіне сүйенсек, Қашаған кен орнында бірінші кезеңде өнім өндіру тәулігіне 370 мың баррель мұнайды құрайды.