«Қазіргі кезде Қашағанда кен орнын пайдаланудың бірінші кезеңі аясында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 235 мың баррельге жетті. Қуат кезең-кезеңімен арттырылып жатыр.
Қашаған кенішіндегі алғашқы күрделі жөндеу жұмыстарының қауіпсіз және табысты аяқталуы нәтижесінде, сондай-ақ өндіру ұңғымаларының қайтадан ашылуына байланысты мұнай өндіру біртіндеп көтерілді. Қазіргі уақытта оның көлемі тәулігіне 370 000 баррельге жетті. Пайдалану беріктігінің жалпы деңгейі жоғары және күтілетін көрсеткіштерден асып түседі», - деп хабарлады NCOC баспасөз қызметі.