Оның айтуынша, жаңа зауыт Қазақстандағы тауарлық газ өндірісін арттыруға бағытталған стратегиялық жобалардың бірі.
– Биылғы 12 маусымда Қашаған кен орнының шикізат базасында қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Жобаны іске асыру үшін EPC мердігерін айқындау мәселесі бойынша Үкімет қаулысы қабылданған. Жобаны іске асыру және FEED сатысындағы жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша EPC мердігермен келіссөздер басталды. Сонымен қатар сыртқы инфрақұрылым нысандарын іске асыру бойынша жұмыстарды орындаушы анықталды», - деді ол.
Сонымен бірге, вице-министр Қашаған кен орнының базасында қуаты жылына 1 млрд текше метр болатын тағы бір газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.
– Аталған жобаның жалпы орындалу деңгейі 59,39%-ды құрайды. Зауытты 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді спикер.
Айта кетейік, Қазақстанда газ тарату ұйымдарына жаңа талап енгізілуі мүмкін