Қашағанға қажетті құбырлар Германия мен Жапониядан келіп жатыр - ҚР Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашағандағы жұмыстар жоспардан жылдамырақ жүріп жатыр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

«Қашағанның жағдайына тоқталатын болсақ, осыған дейін айтылған еді, яғни 2016 жылдың аяғына дейін тиіс жұмыстарды бітірулері тиіс. Жұмыстардың негізінде 180 шақырым құбырды ауыстыру қамтылған. Бүгінде бұл жүзеге асырылып жатыр», - деді Ұ. Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, Германиядағы және Жапониядағы тапсырыс берілген зауыттардан құбырлар келіп жатыр. Қазіргі кезде Германиядан жасалған 86 шақырым, ал Жапониядан 12 шақырым құбыр алынған, жалпы 99 шақырымдай құбырлар жасалды.

«Бұның ішінде бүгінде 67,5 шақырымы Қазақстанған жеткізілді. Бұлар - жоғары технологиялармен жасалған құбырлар. Соның ішінде 26 шақырымы кен орнында құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспардан жылдамырақ жүріп жатыр», - деді министрдің бірінші орынбасары.