«Қашағанның» рентабельділігі туралы екі жылдан кейін ғана баға беруге болады - В.Школьник

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Қашаған» кен орнының рентабельділігі туралы тек 2 жыл, тіпті одан ары уақыттан кейін ғана айтуға болады, деді Энергетика министрі Владимир Школьник «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.

«Дәл қазіргі уақытта Қашағанда 2013 жылы болған технологиялық кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бекітілген құжаттарға сәйкес, бұл жұмыстар 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Содан кейін ғана «Қашаған» кен орнында мұнай өндіру жұмыстары басталады. Кен орнының рентабельділігі туралы 2 жыл, одан да ұзақ уақыттан соң ғана айтып, баға беруге болады», - деді Школьник.