Іс материалдарына сәйкес, талапкер 2013 жылы АҚШ-та магистратурада оқу үшін «Болашақ» стипендиясын алған. Оқуды және кейінгі тағылымдаманы аяқтаған соң ол еңбек қызметін бастаған, бірақ оны Қазақстан аумағынан тыс жерлерде, жекеменшік ұйымдарда қашықтан атқарған.
Сот анықтағандай, талапкер стипендиялық шарттың негізгі талабын орындамаған — белгіленген мерзімде Қазақстан аумағына оралмаған және ел ішінде мамандығы бойынша міндетті бес жылдық жұмысын өтемеген. ҰҚК Шекара қызметі талапкердің 2023 жылғы 1 мамырда Қазақстаннан шыққанын және содан бері елге оралмағанын растады.
Жіберілген хабарламаларға қарамастан, стипендиат шарттық міндеттемелерін орындау үшін ешқандай шара қабылдамаған. Осыған байланысты Республикалық комиссия оны стипендиядан айыру және кеткен шығынды өтеу міндетін жүктеу туралы шешім қабылдады.
Сот министрліктің әрекетін заңды деп танып, бағдарлама шарттарында қашықтан жұмыс істеу арқылы өтем жасау мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өтті.
Айта кетелік Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасына енгізілген өзгеріске қатысты пікір айтқан еді.