Бұл туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Рустам Ходжаев хабарлады. «3 маусым күні 19 жастағы Болатбек әскери бөлімнің аумағынан кетіп қалған. Теңіз жаяу әскерінің сарбазын кейіннен Жетібай ауылынан тапқан. Ол үйіне, Оралға қарай қашқан. Алайда, ол бұл аймақты білмегендіктен, басқа жаққа қарай кетіп қалған. Қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл істе айыпталушы да бар, ол жас Болатбекті ұрған. Ол да теңіз жаяу әскерінің сарбазы. Жұма күні істі әскери сотқа береміз», - деді Р. Ходжаев.
Сондай-ақ, сотқа видеодеректер беріледі. Өйткені Маңғыстау облысындағы әрбір әскери бөлімде 10-нан астам видеокамера орнатылған.