Ресми өкілдердің айтуынша, табиғи апат Сринагардың оңтүстігіндегі Реаси мен Рамбан аудандарында болған.
— Таңертең ерте Реаси ауданының Карара ауылында жауын-шашыннан кейін болған көшкін бір үйді басып қалып, бір отбасының жеті мүшесі тірідей көміліп қалған. Ауыл тұрғындары мәйіттерді өздері алып шықты, — деді жергілікті билік өкілі.
Сондай-ақ Рамбан ауданының Раджад ауылында тағы төрт адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалған.
Осыған дейін хабарланғандай, Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты.