Қашықтан жұмыс жасау сәнге айналып барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы кездері қашықтан жұмыс жасау сәнге айналуда. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, күн ұзаққа кеңседе отырып жасағанға қарағанда өзінің жеке кестесі бойынша үйде жұмыс жасау анағұрлым пайдалы екен.

Бұндай кезде жұмыс жасайтын арнайы орын жалдауға қаражат қажет емес, сондай-ақ онымен бірге жұмыс жасайтын қызметкерлер өздерін еркін сезініп жүреді. Қызмет барысындағы ұрыс-керіс те аз болып, жұмыскерлердің жүйкесі тыныш болады. Кейбір адамдар өздері бақылаусыз болған жағдайда жұмыстары өнбейтінін айтып, қашықтан жұмыс жасауға қарсылық білдіріп жатады. Бақылаусыз болғандықтан күн ұзаққа бос жүріп, кеш батқанда жұмыс жасамағаны есіне түседі. Мардымды жұмыс атқарылмай, нәтижесінде бұған алатын жалақысы да төмен болады. Ал кеңседе болса бұндайға жол берілмейді.

Ал қашықтан жұмыс жасайтын адам әр уақыттың қадірін біліп, өзінің күн тәртібін белгілейді. Басшы да, бақылаушы да өзі. Сондай-ақ қашықтан жұмыс жасайтын адамдардың көпшілігі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас жасай алмайтындығын айтып шағымданады екен, деп жазады express-k.kz.