«Қазіргі кезде елдің барлық аумағында күшейтілген режім енгізілді. Қазақстанмен ынтымақтастық бар, ақпарат алмасу жүріп жатыр. Халықаралық іздеу жарияланған жоқ, ол үшін алғышарттар болмауда. Олар елдің аумағында жасырынып жүргені әбден мүмкін», - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілі Э.Осмонбаев.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Бақыт Сейітов қазақстандық әріптестермен өзара ықпалдастық аясында қылмыскерлерді іздеуді және ұстауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті шаралар өткізілгенін атап өтті.
«Қазақстандық әріптестермен тығыз жұмыс жүргізілуде. Біз барлық тұспалдауларды жібердік. Әріптестеріміздің аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауда тәжірибесі мол. Жамбыл облысында полиция күшейтілген режімге көшті. Бұдан басқа, қырғыз-қазақ шекарасындағы шекара бекеттері де күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті Б.Сейітов.
Бұған дейін ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қырғыз күш құрылымдарының қашып кеткен экстремистерді өзгенің көмегінсіз ұстай алатыны туралы пікір білдірген.
«Болжам бойынша, бізден көмек сұрауы екіталай. Қырғыз билігі оларды өз аумағында ұстауға қабілетті және оны істей алады деп ойлаймын. Қылмыскерлердің біздің аумағымызда жүргені туралы қандай да бір мәліметтер жоқ», - деді түсініктемесінде Д.Ділманов.
Бұрын хабарланғандай, 12 қазанға қараған түні №50 түзеу мекемесінен тоғыз сотталушы қашып кеткен. Қашу кезінде олар түрменің үш қызметкерін қылқындырып өлтіріп, біреуінің басын бірнеше рет балғамен соққылаған.
Тоғыз қашқынның бесеуі ұсталды, олардың арасындағы жарақаты бар біреуі ауруханаға жеткізілді.
Төртеуі бостандықта жүр. Олардың екеуі өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Екеуіне қатысты тергеу амалдары жүргізілген. Барлығы діни экстремизм мен лаңкестік үшін жауапкершілікке тартылған.