Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне жылдам қол қою үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған.
Бұдан бөлек, Б.Ш. Халық бас есепші К.Т.Медебаева мен кәсіпорынның Атыраудағы бөлімшесінің басшысы Т.У.Махмұтовтың қатысуымен РМК-ның ірі көлемде қаржысын жымқырды деген күдікке ілікті.
Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында 300 мың АҚШ доллары мен 6 млн теңге табылды.
23 мамыр күні Б.Ш. Халық, К.Т.Медебаева және Т.У.Махмұтов ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.