Кәсіби мереке қарсаңында әскери медицина қызметкерлері марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде «Медицина қызметкерлері күні» қарсаңында әскери медицина қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Үздік медициналық қызметкерлер қатарында ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінің мейірбикелері марапатталды. Госпиталь бастығы медициналық қызмет полковнигі Тимур Ошақбаевтың атынан аға сержант Мархаба Әбдиева, кіші сержант Сәндігүл Мұқатаева мен Жамал Өмірзақова, ефрейтор Әмина Жамалиева, сондай-ақ госпитальдің қызметкерлері Любовь Руцкая, Дариға Есмағанбетова, Ольга Воевода, Кәлимаш Жұмақаева мен Мария Цымбал грамоталармен марапатталды. Ал ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медициналық қызмет полковнигі Бағлан Әлібековтің атынан аға ординатор м/қ лейтенанты Әйгерім Мұхамедиева, лейтенант Алтынбек Әбсадықов, 3-сыныпты сержант Шолпан Рахимжанова, қызметкер Ләззат Досаева мен Айдар Ақмолдаев, сондай-ақ м/қ подполковнигі Дәулет Мусин, қызметкер Бақыт Ыбыраева, Зәмзәгүл Құрманғазина және Гүлнәр Байтақова алғыс хаттармен марапатталды. «Әскери медицина мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің құрамды бөлігі. Оның басты міндеті - әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтау және нығайту», делінген хабарламада.