Тыйым салынған препараттардың қатарына мельдоний биылғы жылдың қаңтар айынын бастап енгізілген болатын. Кешірек допинге қарсы күрес агенттігі өтпелі кезеңді белгіледі. Оған сәйкес, 3 айдың көлемінде спортшыларға сынамада мельдонийдің болуына рұқсат етілді. Алайда, бұл жерде екі шарт бар.
Біріншіден, аталған заттың мөлшері сынамада 1 милилитрге 1 микрограмнан аспауы керек. Екіншіден, спортшының оны 1-қаңтардан кейін пайдаланылғаны дәлелденуі керек.
Әзірге бұны теннисші Мария Шараповаға ғана дәлелдеудің мүмкіндігі туды. Ол Рио Олимпиадасына бара алмай қалды.