Оған жасы 18-ден асқан кез-келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Шараның басты мақсаты - барлық тілек білдірушілерге фотографиялардың көмегімен қазіргі заманғы Қазақстанды көрсетуге мүмкіндік беру. Байқаудың тақырыптық бағыттары: "Өндіруші аймақтар: арман мен шындық", "Аймақтардың қарама-қарсылықтары (контрасты)", "Мен - куәгермін", "Қазақстанның жаңа буыны", "Фокусте: қарапайым жандар", "Қазақстан репортерлері". Оған қатысу үшін үміткерлер өз өтініштері мен түсірген 5 фотографиясын қарашаның 15-іне дейін "Фотобайқауға" деген белгімен ұйымдастырушыларға жолдауы керек. Сараптамалық комиссия сынынан өткендер: "Үздік әуесқой фотограф", "Үздік кәсіби фотограф" және "Ынталандыру" сыйлығымен марапатталады. Онда үздіктер 100 мың теңгеден, ал ынталандыру сыйлығын иеленгендер 50 мың теңгеден иеленетін болады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздардың есімі желтоқсанның 6-сы күні жарияланады.
11:50, 05 Қазан 2010
Кәсіби және әуесқой фотографтар арасында республикалық байқау өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сорос-Қазақстан қоры кәсіби және әуесқой фотографтар арасында "Қазақстан ірі планда - 2010" деп аталатын республикалық байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.