Қасиетті қара домбыра қазақ өнерін тағы бір мәрте әлемге әйгіледі

nbsp;АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы /- Қытайдағы қандастарымыз қасиетті қара домбырамыз арқылы қазақтың өнерін тағы бір мәрте әлемге әйгіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Тәңіртау» сайтына сілтеме жасап.

Мамырдың 30-ы, жексенбі күні Шынжаңның Тарбағатай аймағына қарасты Толы ауданында 28 ұлттан құралған 10495 домбырашы бір мезетте «Кеңес» күйін шертіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл шығарма XIX ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі күйшісі Бейсенбі Дөненбайұлының туындысы.

Толы ауданының әкімшілігі ұйымдастырған бұл шараға арнайы шақырылған Дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабының Шанхайдағы басқармасының уәкілі Ние Жиың Шуан, «он мың адамдық домбырамен күй шертуден Гиннестің рекордтар кітабына кіргендігі туралы» куәлікті аудан әкімі Масан Зағыпарұлының қолына табыс етті.