Ұйымдастырушылар осы арқылы атты туризмді дамытпақшы. Салт аттылар он күн ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтеді. Әрі тәулігіне 50-60 шақырымды еңсермек.
«Жол жөнекей жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрамыз», - дейді мамандар.
«Осы 10 күн ішінде атпен Баянауыл ұлттық паркіне жету керекпіз. Оншақты адам болады. Неге осы экспедицияда тек қазақтың аты болады дегенге келсек, күн сайын 50-60 шақырымға қазақ жылқыларынан басқа жылқылар шыдамайды»,-дейді Qazaqgeography РҚБ ғылыми және экспедиция қызметі бойынша департамент директоры Нұржан Алғашов