Қасиетті қолжазбаны 1203-жылы (хижра жыл санауы бойынша 599-жыл, Рамазан айының 17-жұлдызы) Яхья бин Мухаммад ибн Омардың жазғаны айтылады. Ұзақ уақыт бойы жұрт көзінен таса жатқан Құран кітабын 1905-жылы Арчер Милтон Хантингтон есімді зерттеуші тапқан болатын.
Кристис бәссаудасы сарапшыларының айтуынша, 2 330 000 доллар Ислам кітаптары арасында рекордтық көрсеткіш болып отыр. Бұған дейінгі рекордтық баға Х ғасырда куфалық қаріппен жазылған Құранға тиесілі болатын. аталмыш кітап 1 870 000 долларға сатылған еді.