Аталмыш мешіт 628 жылы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Мекке мүшріктерімен бейбітшілікке қол жеткізіп, тарихта «Худайбия келісімі» аталған келісім орнаған жерде бой көтерген. Аудан Меккенің батысында орналасқан. Сауд Арабиясы Ұлттық мұралар және туризм жөніндегі комиссияның бас директоры Фейсал әл-Шариф мешітті өңдеу жұмысына өзге компаниялардан оқ бойы озық тәжірибелі фирма атсалысатынын мәлім етті. Құрылыс барысында соңғы ғылыми технология және инновация жетістіктері қолданылады. Құзыретті комиссия мен «әл-Турат» мұралар қоры бүгінгі күнге дейін корольдік аумағындағы 21 мешітке қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп шыққан.
21:16, 13 Қараша 2015
Қасиетті Меккедегі тарихи мешіт толықтай жаңартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті Мекке шаһарындағы «әл-Худайбия» мешіті толықтай жаңартылады. Тарихи мешітті қайта қалпына келтіру жобасы оның ислам дініндегі маңыздылығын көтеру мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің сайтында.