Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді

Фото: Фото: Ақорда

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM —  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барған іссапар аясында №2 Оқушылар сарайын аралап көрді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиа сыныптары, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген, — делінген хабарламада.

Фото: Ақорда

Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті. 

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Marai E7 Group өндіріс алаңының қызметімен танысты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда